«Жұлдызбен бірге жұлдыз сөйлейді» атты іс-шарасы
2020 жылдың 18 ақпанында гуманитарлық бағыт мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған іс-шара өткізді. "Жұлдызбен бірге жұлдыз сөйлейді" әдеби-музыкалық қонақжайына 5-11 сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысты. Іс-шара барысында Абай өлеңдері мен әндері, А.С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, Гете, Байрон шығармаларының қазақ,орыс, ағылшын және неміс тілдеріндегі аудармалар орындалды. Ақын-данышпандардың шығармашылық одағы халықтың жанын біріктіретіне және байланыстыратына көз жеткіздік.