"Отбасы күні"
Жыл сайын қыркүйек айында ауқымды мереке «Отбасы күні» аталып өтіледі. Биыл да біздің мектеп апталық жоспар құрып, сынып жетекшілері жоспар бойынша ауқымды іс шаралар өткізді. «Отбасы күнін тойлаймыз» атты хабарламалық сынып сағаттары жүргізілді. «Бақыттымыз біз бірге» тақырыбында онлайн фото галерея ұйымдастырылды. «Менің отбасым менің орманым» тақырыбында шығарма жарысы өтті. Ән-күй мұғалімінің ұйымдастыруымен қашықтықтын ән айтылып, тақпақтар оқылды. Осылай біздің мектеп Отбасы күнін көңілді де, қызықты қарсы алды