Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Адрес: 140000 г.Павлодар, ул. Катаева, 68
Приемная - 200880
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 15.00 до 17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Наурыз тойы
07-04-2011 06:07

 

«Наурыз» мейрамы халық мерекесі болып табылады. «Наурыз» күн мен түн теңелетін 22 наурызға дәл келеді. Ол күнде Наурыз деген жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз, тамашаламыз. Бұл күні үлкен-кіші осы мейрамға келіп, көңілді ойын-сауықтар өткізеді. Тойға ат жарыс, күрес, басқа да спорт бәсекесі, айтыс, ойындар мен көңілді жұмбақ, ән, өлең,  наурыз жырлары айтылады. Біз 4 «Г» сынып оқушылары «Наурыз тойына» үлкен дайындықпен келдік. Бір күн бұрын «Наурыз тойы» атты тақтаны безендірдік. «Алтай тойы», «Көкшетау тойы», «Баянауыл тойы» осы ауылдарда наурыз тойын тойланып жатқан кездерін бейнеледік. Үш топқа бөлініп әнді, тақпақты, айтысты, батаны, ақ тілекті, билерді, наурыз көже тағамымызды дайындап, 22 наурыз күні сыныбымызда ата-аналардың, қария әжелердің қатысуымен үлкен «Наурыз тойын» өткіздік.

Сахнаға той бастаушылар, күн мен түн шығып, күн мен түннің теңелгенің, тақпақшылар өздерінің тақпақтарын айтып, тойды ашып берді. Наурыз жазғытұрым мейрамы болғандықтан «Жыл ақсақалы» атты және жылдың төрт мезгіліне байланысты көрініс қойылды. Салт-дәстүрге байланысты «Сүндет тойы», «Құлақ тесу» салт-дәстүрі айтылып, әжелер өздерінің қосатындарын толықтырып, оқушылар арасында айтысты тамашаладық. Сахнада музыка, ән-күй ойналып, би биленді. Наурыз көже ішілді. Наурыз көжеге әжелеріміз ақ батасын берді. Наурыз тойымыздың соңы үлкен мерекелік дастарханға айналды.

 

4 «Г» сынып оқушысы Қазыбай Жамиля