"Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2022 жылғы 22 желтоқсанда А.Шәмкенов атындағы ЖОББМ базасында "Үлкен үзіліс – 2023" жобасының " Жайдарман LIFE" III кезеңін өткізді. Жобаның мақсаты-шығармашылық өзін-өзі ұйымдастыруды, өзін-өзі жүзеге асыруды, мектеп ұжымдарының өзін-өзі бақылауын дамыту, шығармашылық жоба процесінде ұжымдық ынтымақтастықты қолдау және кеңейту, мүдделер бойынша жан-жақты қажеттіліктерді қалыптастыру.
Жоба оқу жылы ішінде өткізіледі және 7 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің соңында ең аз ұпай жинаған 3 команда шығарылады.
"Жайдарман LIFE" кезеңіне № 1, 5, 7, 14, 17, 18, 19, 21, 26, 31, 33, 34, 35, 37, 43, Малайсары батыр атындағы, Қ. Мақпалеев атындағы, Қ.Бекхожин атындағы, М. Әлімбаев атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Жетекші жалпы білім беретін мектептерінен 275 оқушыдан тұратын 20 команда қатысты .
Бұл кезеңде қатысушылар әзіл – қалжың, қызықты көріністер, күлкілі миниатюралар мен актерлік шеберліктерін көрсетті.
Конкурс қорытындысы бойынша ең аз ұпай жинаған № 7, 18, М.Әлімбаева атындағы мектептер жобадан шықты, қалған 17 мектептің командалары келесі турда кездеседі. @bilim_pavlodar
"Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2022 жылғы 22 желтоқсанда А.Шәмкенов атындағы ЖОББМ базасында "Үлкен үзіліс – 2023" жобасының " Жайдарман LIFE" III кезеңін өткізді. Жобаның мақсаты-шығармашылық өзін-өзі ұйы