7 «г» сыныбында күзгі демалыс кезінде «Әлемдегі мемлекеттердің ақшалары» атты экономикалық викторина өтті. Оқушылар әлемдегі мемлекеттердің ақша аттарымен танысты. Тапсырмаларын алдын -ала алып, сұрақтарға жауап беру үшін, ұсынылған әдебиеттерді оқып –үйренді, викторинаға қатынасуға 3 топ құрды. Викторина барысында оқушылар біздің тілімізге монета, банкнота, кредит карточкасы деген сөздер қайдан келгенін, әлем картасында мемлекеттердің қандай топтарында ортақ валюта бар екенін білді. Балалық шақтан оқыған кітаптардағы: «Үш мушкетер», «Тим Талер немесе Сатылған күлкі» , т.с.с төлем жасалған ақша бірлігінің атын еске түсірді. Осындай ойынға қатынасу өте ұнады. Белсенді қатысқан оқушылар: Аперген Б., Балташ С., Ерсайын Д., Аменова Г., Қалел Ә., Сағынғали М., Тілектес А., Қадырбаев С., Машрап Ш.
«Әлемдегі мемлекеттердің ақшалары»