23 қазан күні Павлодар қаласының №17 саралап оқытатын бейіндік жалпы орта білім беру мектебінде өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға және белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеуге бағытталған «Мен өз елімнің – патриотымын!» атты патриоттар форумы өтті.
Форумға оқушылар, педагогтер, мектептің өзін-өзі басқару ұйымының өкілдері және құрметті қонақтар қатысты.
Іс-шара «Менің Отаным – Қазақстан» үгіт-насихат тобының өнер көрсетуімен басталды. Қатысушыларға интернационалист-жауынгер Қайрат Жаңбырбайұлы Какашин мен мектеп басшысы Роза Сапарғалиқызы Досанова құттықтау сөздерін арнады.
Форум аясында қатысушылар төрт тақырыптық топқа бөлініп, отансүйгіштік, азаматтық жауапкершілік және туған елге деген сүйіспеншіліктің түрлі қырларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша мектеп парламентінің президенті Дарья Артемьева форумның қарарын таныстырды. Іс-шара қатысушыларға сертификаттарды салтанатты түрде табыстаумен аяқталды.
