![Біздің мектебімізде жылда математикалық апталық мазмұнды өтеді.](/media/img/blogs/4f539da8827ca.jpg)
Апталықтың жоспары төмендегідей болды.
І күні – 5 -6 сыныптар арасында математикалық суреттер, 7-8 сынып арасында компьютерлік суреттер сайысы өткізілді.
Математикалық суреттер сайысында 1 орын 6 сынып оқушысында –Шабданов Дастан , компьютерлік суреттер сайысында – 8 сынып оқушысы – Жұмаәділ Ақсултан 1 орынға ие болды.
ІІ күні – 3 сынып оқушылара арасында конструкторлық модельдер көрмесі өткізілді. Сынып жетекшісі Жазкей С.
ІІІ күні – ұлы математиктер туралы презентациялар сайысы өткізілді. 1 орын – Айбасова Камила, 8 сынып
ІҮ күні – «Бақытты сәт» ойынына 6 ,7, 8 сынып оқушылары қатысты.
Қорытындысы: 1 орын - 6 «г» сынып «Үшбұрыштар» тобы /Шабданов Думан, Айсакова Тоғжан, Таубай Нұрхан, Камалов Султан, Торғаева Диляра, Жабай Еламан/ - 129 ұпай, сынып жетекшісі: Хажихан Б.
2 орын - 7 «г» сынып «Квадраттар» тобы /Жұмабаева Инара, Кабулова Әйгерім, Каржасбаев Арслан, Габдуллина Айза, Айсакова Айдана, Калитова Азиза/– 117 ұпай , сынып жетекшісі: Кашкимбаева К.К.
3 орын - 8 сынып «Трапеция» тобы /Хасанов Қанат, Хамзина Аида, Айбасова Камила, Айтжанова Мадина, Жансеитова Зарина, Жұмаәділ Ақсултан/ – 98 ұпай, сынып жетекшісі Мықтыбаева Н.Д.
Ү күні – физика пәнінен іс -шараларға 7,8,9 сынып оқушылары қатысты.
Апталықтың соңында белсене қатысқан оқушыларға «Алғыс хат» пен, сыйлықтар тапсырылды.