Адам өмірі отбасынан басталады, адам отбасынан азамат болып қалыптасады. Отбасы – махаббат, құрмет, береке мен сүйіспеншіліктің көзі, соның негізінде кез келген өркениетті қоғам құрылады, онсыз адам өмір сүре алмайды. Отбасының дәулеттілігі – мемлекет дамуы мен прогресінің өлшемі.
«Қазақстан республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізілуі нәтижесінде қыркүйектің екінші жексенбісі «Отбасы күні» мерекесі болып белгіленді.
Отбасы – қасиетті құндылық. Адам баласына берілетін тәрбиенің ең негізгі тіні осы жерде қалыптасады.
Шараға 5 «А, Б, 6 Г»-сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты.
«Біз бірге бақыттымыз» тақырыбындағы мерекелік іс-шараға қатысқан ата-аналар тобы мен балалар өз алғыстарын айтса, мектеп ұжымы «Тек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды, бір - біріңізді ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатқа бөлей жүріңіздер» - деп тілегін білдірді.
Диана Нұрсарина
№ 17 ЖОББСОБМ аға тәлімгері