Жиналыста аталынған ақпараттар өте құнды да маңызды болды. Жиналыстың басында мектеп директоры А.Қ. Мәлікова амандасып, қатысушыларды ҚР БҒМ вице министрі Е.Н. Иманғалиевтің хатымен таныстырып өтті.
Келесі сөз НҰРОТАН партиясының төрешісі М.М. Сартаеваға берілді. Негізгі баяндамашы психолог Хамитова Алмагуль Аманжолқызы болды. Теориялық бөлімнен басқа, баяндамашы бейімделудің қиын кезеңдерінде балаға психологиялық қолдау көрсету мақсатында өзінің баласына деген қарым-қатынас бойынша әр ата-ана қолдана алатын, практикалық психологиялық тапсырмаларды ұсынды. Сонымен қатар әр қатысушының жүрегінде із қалдырарлық әке мен бала арасындағы қарым -қатынас туралы әлеуметтік роликтер ұсынылды. Жалпы ата-аналар жиналыстың ақпарат көздеріне және ұйымдастырушылық жағына қанағаттанды.