Қазақстан Республикасының Тілдер күніне байланысты 2012 жылдың қыркүйек айының 22-күні Павлодар қаласы № 17 ЖОББСОБМ 4 «Д» сыныбында қазақ тілі сабағында «Мемлекеттік тілді үйреніп жүрміз» атты қызықты грамматика сабағы өтті.
Сабақтың эпиграфы ретінде Ә. Тәжібаевтің жалпыға белгі
«Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін» - деген өлең жолдары алынып, оқушылардың талдауына ұсынылды.
Сабақтың білімділік мақсаты мен басқа да дамытушылық және тәрбиелік мақсаттарын ашу үшін сабақтың түрі грамматикадан және тіл дамыту сабақтарынан алған білімдерін бекіту, қорыту және жүйелеу болса, проблемалық іздену, ой толғау, ойлау, талдау сияқты әдіс-тәсілдер қолданылды.
Интерактивті тақтадан көрсетілген сюжеттер балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын тудырса, ойын, сайыс түрінде өз білімдерін көрсету, олардың пәнге, тілге деген көзқарастарын одан әрі арттыра түсті деп айтуға тұрарлық.
Сабаққа балалардың белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетуге тырысқандарына қарап, сабақ өз мәресіне жетіп, алға қойылған мақсат-міндерттерді толығымен шешті дей аламыз.