Тілдер айлығынан
19 қыркүйек күні тілдер айлығына байланысты іс-шара ұйымдастырылды. 5-8 сынып арасында «Тіл – асыл қазына» атты сайыс өткізілген болатын. Сайыста оқушылардың білімі мен өнерлері ортаға салынды. Сайыс төрт тапсырмадан тұрды: Мақал-мәтелдер сайысы; мәнерлеп оқу; сұрақ-жауап; шығармалардан үзінді : «Ер Тарғын» ертегісінен үзінді көрсету. Сайыстың ерекшелігі - топ ішін–е аралас сынып оқушылары болды. Барлық оқушылар мадақтамалармен марапатталып, кіші сыйлықтар берілді. Сайысты ұйымдастырған мұғалімдер: Омарова А.Е., Тәліпова Г.Е.