Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Сүйіспеншілікпен
30-09-2013 08:18
 Сүйіспеншілікпен

№17ЖОББСОБМ осы сүйкімді де мейірімді үш әйел көп жыл қызмет етті.Ирина Ивановна Никитина,Людмила Ивановна Гетман жәнеТатьяна Дмитриевна Гарусова-кітапхана қызметкері.Олар көпжылғы еңбек, іс-тәжірибесі,білімдерімен мектеп ұстаздары және оқушылармен  бөлісіп,оқушылардың шығармашылық топтарымен , жаңа жобалармен жұмыс жасауда әлі күнге дейін өз көмектерін көрсетіп келеді.

 «Гимназист» баспасөз орталығының жетекшісі Ирина Ивановна Никитина өз оқушыларымен қаланың түрлі баспа ұйымдарының дипломдары мен марапаттарына ие болған.

Оқушылар Людмила Ивановна Гетманның ұмытылмас сабақтарын әлі күнге дейін айтып жүреді.

Әрқашан жинақы,қатал да әділ Людмила Ивановна-оқушыларға өздеріне сырттай сын көзбен қарауға,ішкі жан дүниесіне үңіле қарауға үйрететін. Өз сабақтарында орыс тілінің құдіретін,әдеби сөздің байлығы мен сұлулығын ашқан жан.Өз ісін білетін, мамандығының шебері,ұстаздыққа жан-тәнімен берілген адам.

 Біздің мектепте асқан жылылықпен,ризашылықпен Татьяна Дмитриевна Гарусова туралы айтуға болады.Ол көп жылын жас ұрпақты тәрбиелеуге арнады.Өз мамандығына,оқушыларға деген сүйіспеншілігі ұстазды жүрек жылуы мол, бойындағы бар жақсы қасиетін жанындағыларға беретін абзал жан деп білеміз.

Қызметінің соңғы жылдарын кітапхана жұмысына арнағанТатьяна Дмитриевна мектеп оқушыларын кітап оқуға,ауыз әдебиетінің кәусар бұлағынан сусындауға үйретті.

Бірақ сүйіспеншілік тілі қай заманда да өз мәнін жоғалтпайды, ұмытылмайды! Сіз біздің мәңгі жадымыздасыз, жақсы көреміз,мақтан етеміз!