Мамандықтармен танысу

№17ЖОББСОБМ 16-қазанда бастауыш мектепте оқитын аз қамтылған отбасыларынан шыққан,жетім балалармен «Ориентир орталығы» жұмыс жоспары бойынша «Мамандықтармен танысу» тақырыбына әлеуметтік-педагог Д.Қартабаева әңгіме өткізді. Балалар әңгімеге белсене араласып, сұрақтарға жауап беріп,өз ойларын ортаға салды.Әңгіме соңында балалар мамандықты таңдауда қателеспес үшін өз қабілетіңді, мүмкіндігіңді, шамаңа қарай бағалап,бүгіннен бастап ойлану керектігін зерделеді.