Қайта өрлеу дәуірінің ұлы драматургі және ақыны Вильям Шекспирдің шығармашылығын оқу қызықты лекция- сабағымен басталды.Балалар ағылшын театрының бастау алар кезеңімен,театр атауының ұғымымен,ұлы Шекспир өмірінің кейбір беймәлім деректерімен танысты;драматург шығармашылығындағы қарама-қайшылықтарды зерделеді.
Семинар сабақтарында ұлы драматургтың шығармашылығына шолу жасалды.Оқушылар Шекспирдің белгілі трагедиялары туралы айтып, пьесаның сюжетіне, идеялық ерекшеліктеріне назар аударды.
Келесі сабақта сегізінші сынып оқушылары жалғызілікті, жанын қинаған сұраққа жауап іздеген Гамлетті жақынырақ біліп,түсіну үшін ескі Эльсинор қорғанына саяхат жасады.
Гамлет тағдырын зерделеу нәтижесінде балалар мынадай шешімге келді: «Гамлет бізге өзінің ер мінезімен,әділдік үшін күресімен қымбат»; «Гамлет маған өзінің адалдығымен,шыншылдығымен, жан тазалығымен қымбат. Ол маған арамдықты,жағымпаздықтыжамандықты қабылдамауымен жақын».