Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Интересно на русском
19-10-2013 03:41
Интересно на русском

 

Әр мұғалім оқушыларға сабақ беріп қана қоймай, олардың өз пәніне деген қызығушылығын оятуға тырысты.Білім берудің көп жылғы тарихында жас ұрпақтың білімге деген ынтасын арттыру үшін алуан түрлі әдіс-тәсілдер жинақталды.Қазіргі кезде мұғалімдер сабақ берудің тиімді түрлерін,жаңа және қызықты әдістері мен тәсілдерін асқан ынталылықпен қолданады.Оқушылар жаңаша,түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып берген сабақтарды қызығушылықпен қабылдайды.Осы аптада 7 «е»сынып оқушылары «Действительные и страдательные причастия»тақырыбы бойынша смаил-диктант жазды.Оқушыларға тексеру жұмысының ерекше түрінің ұнағаны сонша, тапсырманың қиындығына қарамай тамаша орындап шықты.

  Өз кезегінде алтыншы сынып оқушылары ассоциация әдісін меңгеруге ат салысты.Өтілген орфограмма бойынша түрлі сахналық көріністер, рөлдік ойындар қойды.Оқушыларға өздерін әріптер, сөз құрамдары,сөйлем мүшелерінің орнына қою рөлдері ұнады. Бұл әдістер оқушыларға ұнағаны соншалық, күрделі тапсырмаларды да әрі жылдам,әрі тез орындады.

  Соңғы екі жұмада әдебиет сабағында АКТ ерекше орын берілді.Балалар «Тарас Бульба»фильмін көріп,оны кітаптан  оқығандарымен салыстырып,талқылады,ал 6-сынып оқушылары ежелгі грек аңыздары негізінде жасалған мультфильмдер көрді. Сол сияқты 6-сынып оқушылары фонохрестоматиядан аудиожазулардан өлеңдер тыңдап, өздері  иллюстрациялар жасады.