18 қазан күні 11 сынып оқушылары Абылай ханның 300 –жылдығына арналған конференцияны өткізді. Бұл конференция 11 сыныпта қазақ тілі пәнінен дәріс беретін ұстаздары Байгожина Ж.Н.мен Машрапова А.Т. -мен ұйымдастырылды. Негізгі конференцияның мақсаты болып Қазақ Ордасының ханы, мемлекет қайраткері, аса көрнекті ұлы қолбасшысы, дарынды дипломат Абылай ханның қазақ елінің тарихындағы орнын насихаттауы болды. Оқушылар өз күшімен 2 көрнекті презентация жасады. Бұл презентацияларда олар Абылайды қазақ жерінде тәуелсіздік негізін қалаушы ретінде көрсетті.
«Алыстан орыс,қытай-ауыр салмақ.
Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ.
Артында ор, алдында көр, жан-жағы жау
Сол кезде елге қорған болған Абылай,
Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап» деп қазақтың аса көрнекті ақыны М.Жұмабаев Абылайдың саясаткерлігін суреттеген. Шынында, Абылай үш жүзді біріктірді, жауларға қарсы күресті жеңіспен аяқтап, тәуелсіздігіміздің көк байрағын желбіретті. Қазақ тарихында оның өшпес орны бар. Биыл бүкіл қазақ жерінде ұлы қолбасшының 300 жылдық мерей тойы өтіп жатыр.
Конференцияның екінші бөлімінде 11 А, 11Б сынып оқушылары Абылай ханға арналған ұлы ақын-жазушыларының өлеңдері мен шығармаларының үзінділерін оқып берді. Рефлексия ретінде оқушыларға сауалнама ұсынылды. Сауалнама Абылай ханның өміріне байланысты 20 сұрақтан тұрды. Оқушылар сауалнамаға белсене қатысып, білімдерін көрсетті. Жалпы конференция жоғары дәрежеде өтіп, өз мақсатына жетті.
Ал 10 А сынып оқушылары осы мерекеге арнап, рефераттар сайысына қатысты. Довбань Стас, Фоменко Яна, Хасанов Қанаттың рефераттары жоғары дәрежеде орындалды.
Қазақ тілі мұғалімі А.Т.Машрапова.