21 қараша – Халықаралық темекі шегуге қарсы шығу күні. Осыған орай мектеп белсенділері салауатты өмір салты туралы лекция өткізді. Олар оқушыларды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. 8Б мен 8В сынып оқушылары: Алтыбаев Даниял, Мусекин Алишер, Гогенко Егор и Письняева Еленасалауатты өмір салтына байланысты презентация оқыды.
Воркаут – жастардың жаңа қозғалысы, ол турниктегі денені шынықтыра алуын білдіреді. Оқушыларға атақты турникмендер туралы айтты. Қазіргі жастар өміріндегі воркауттың маңызын түсіндірді. Сонымен қатар 10А мен 8В сынып оқушылары: Тихонов Владислав, Травков Константин, Довбань Станислав, Алтыбаев Даниял, Гогенко Егор, Мусекин Алишер воркауттың бірнеше элементтерін мектеп спорт залында көрсетті.