Павлодар қаласы №17 ЖОББСОБМ тарих және география пәні мұғалімі Хажихан Баршагүл 8 «Г» сынып оқушыларымен 11желтоқсан күні «Мен – егеменді елдің болашағымын» атты конференция сабақөткізді.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін: саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, Отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.Еліміздің болашағы жас өспірімдердің Отан алдындағы борышын өтеуге тәрбиелеу.
Конференция сабағының жоспары:
1-бөлім. Үнсіздік сәті
2-бөлім. Таныстыру. Слайд. шығармашылық жұмысы.«Туған жерім - Керекуім!»
3-бөлім. Биік шыңға бірге шығу (слайд шоу). шығармашылық жұмысы.
4-бөлім. «Болашақ Қазақстан» қорытынды
«Мен – егеменді елдің болашағымын»- атты конференция сабағы оқушылардың
әдеби-монтаж, жобамен жұмыс, әртістік шеберлігі, ақпараттық технологияны өзіндік қолдану мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдей алатындықтарын дәлелдеді.