2014 жылдың 5-8 қаңтар аралығында 6-9 сыныптар арасында мектеп психологы М.Қ. Кенесбаева, Л.С. Овчарова оқушылармен «Төзімділік және шығармашылық» тақырыптарында тренинг өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың құзіреттілігін дамыту.
№17 ЖОББСОБМ 8 «Г» оқушылары 2 тоқсан демалысын өзгеше бір көңіл-күйде өткізді. Себебі, қаңтардың 6 күні кіші спортзалда сынып жетекшісі Хажихан Б. және психолог-маман М.Қ. Кенесбаева жетекшілігімен «Төзімділік» атты тренинг өткізілді. Оқушылар өздерін көңілді қозғалыста бола отырып, ішкі жан-дүниесімен бөлісті. Сонымен қатар өзін және жолдастарын басқа қырынан тани алды. Оған төменде көрсетілген жаттығулар көмектесті:
«Менің атым және мен өз атымды жақсы көремін», «Менің мінез-құлқым», « Достан досқа», «Мүсін», «Айқай», «Мысық және тышқан», «Релақсация», «Кері айналым» және т.б.