Ана тілі – ардағым!
Мемлекеттік тілде оқитын 1 г сынып оқушылары ІІІ тоқсанда алғашқы рет «Ана тілі» оқулығын қолдарына алды. Сыныптың бүлдіршіндері қазір өздігінен оқып, жазуға үйренген. «Ана тілі» оқулығындағы мәтіндерін сауатты оқып, өз ойларын анық жеткізу дәрежесіне жетті. Сынып мұғалімі Жазкей Сайрагүлге алғысымыз шексіз. Біз білім алып отырған балаларымыздан болашақта үлкен үміт күтеміз.
Ата-аналар төрайымы Байтемирова М.