Біздің мектебімізде отбасылық шараларды кеңінен қолданады. Спорттық іс-шаралар балалар мен ата –аналарды салауатты өмір салтына тартады.
27 қаңтарда №17 ЖОББСОБМ спорт залында « Саралап оқытудың тәрбиелік жүйесінің қызметінде мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын қалыптастырудың тиімділігі» педагогикалық кеңестің көлемінде:, дене шынықтыру мұғалімдерінің бірлестігімен «Отбасылық старттар» атты жарыс өткізілді. Жарыстың мақсаты:
- Отбасылық демалысты ұйымдастыру;
- Бірлесіп жасалатын іс-шаралардың өткізілуіне ата-аналарды жандандыру;
Жарысқа 1 «А» және 1 «Б» сынып оқушылары және ата-аналары қатысты. Әр команда жеңіске деген тілектерін білдіріп, өздерінің шапшаңдылығын, күштілігін, шешімділігін, сенімділігін көрсетті.