Міне, бірініші сынып оқушылары ең тұңғыш кітабы Әліппемен қоштасты! Осы маңызды уақиғаның құрметіне №17 мектептің мәжіліс залында 1 «Д» сынып оқушылары салтанатты әс-шараны өткізді.
Салтанаттың бағдарламасы өте қызықты болды: бұл іс-шарада частушкалар да, өлең де, би де, ойындар да болды, тіпті зияткерлік сауалнама да өткізілді. Ең құрметті қонақтары болып Әліппе мен Ана тілі болды. Олардың ролін ата-аналар тамаша орындады.
Әліппе оқуды аяқтау мақсатына әр оқушыға «Әліппе аяқтау» туралы куәліктер таратылды. Ең соңында оқушыларды мерекемен мектеп директоры Мәлікова Айгүл Қайыртасовна құттықтады.
Мерекеге көп қонақтар жиналды: ата-аналар, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер. Балалар да, қонақтар да бұл салтанатты іс-шарадан көп жағымды эмоция алды. Біздің ойымызша, осындай мерекелер әрбір бірінші сынып оқушысының есінде қалады.
С.Г.Черва