«Қош бол құтты әліппе»
Павлодар қаласының № 17 жалпы орта білім беріп саралап оқыту бейіндік мектебінің 1«Е» сыныбы көктемнің алғашқы күні әліппемен қоштасу мерекесін өткізді. Бұл мерекеге мектеп әкімшілігі мен ата-әжелер, ата-аналар, ертегі кейіпкерлері қонаққа келді.
Әліппемен қоштасу мерекесінде 1 «Е» сынып оқушылары ән айтып, «Достық» биін биледі. Күлкілі Дымбілместе оқушылардың көңілін таба білді. Ата- аналар оқушылардың өнеріне тәнті болып, қошеметтеді.
Оқушылар алғысхаттармен марапатталып, ана тілі оқулығы таратылды.
Ата-аналардың бұл күні арнайы дайындаған әр түрлі сыйлықтарымен, тәттілері оқушыларға берілді. Оқушылардың, ата-аналардың көңіл –күйі көтеріңкі болып, «Қош бол құтты әліппе» мерекесі өте қызықты да, әсерлі болып өтті.