« Аяулы аналар» мерексі
Біздің оқушылар Наурыз айының мерекелеріне ерекше дайындық үстінде.
Аптаның бірінші күні мектеп іші оқушылардың « Аяулы аналар» атты, өздері салған суреттерімен әшекейленді. Сыныптарда нәзік жандардың мерекелеріне арналған қызықты шаралар өткізілуде.
Апта бойы: « Ерлер турнирі», «8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні», Фотобайқау «Менің анамның жымиуы», Бұрыш газеті «Менің анам» (1-4 кл), «Көктем келді!» (5-8 кл.), ата аналарға және ұстаздарға арналған салтанатты мереке өткізілуі жоспарланған.