Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Көктем аруы»
07-03-2014 06:32
«Көктем аруы»

6 "г" сынып қыздары  «Көктем аруы» байқауына қатысып, өздерінің өнерлерімен ұстаздар және ата-аналарды бір серпілтіп тастады.

Сайысбарысындақыздарымыз бір-бірінен қалыспай жан-жақты өнерлерін ортаға салды:

·                      «Мен қазақтың қызымын» шартында өздерін қара сөзбен, өлеңмен таныстырды.

·                     Үй тапсырмасы бойынша түрлі тағамдарды жасап, әділқазыларалдына  тарту етті;

·                     «Сұлулық сыры», «Өнер» сайыстарында ән айту, би билеу, күй тарту, музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсетті.

 Оқушыларда бұл мерекелік шарада үлкен жауапкершілікті сезініп, дайындалған оқушыларымыз Аменова Гүлвира, Кусаинова Дария, Алькенева Азиза ана туралы әндерді нақышына келтіре орындады Сыныптың ұлдары жайдарман миниатюраларды көрсетіп, биді де әсем биледі. Сайыста домбыра әуенімен Жұмабек Әнел мен Сауырбаева Ақбота көзге түсті.  Сыздыкова Малика карате тәсілдерін көрсетті. Баймаканова Динара нақышына келтіріп, мәңерлеп оқыды.

Иманғазы Әліда мен Тоқсанбаева Айжан Абай атамыздың "Желсіз түнде жарық-ай" әнін айтты. Мереке өте қызықты өтті.

Әділқазылар алқасы келесі номинациялары бойынша дипломдармен марапаттады:

"Ең сүйкімді" - Малика,

"Ең көрікті" - Гүлвира,

"Ең тапқыр" - Ақбота,

"Ең сәнқой" - Динара,

"Ең мейірімді" - Айжан,

"Ең шырайлы" - Әліда,

"Ең ажарлы" - Әнел,

"Ең нәзікті" - Дария,

"Ең сәнді»-Азиза.

Сайыс өз мәресіне жетіп, ата-аналарда өз ризашылықтарын білдіріп, сынып жетекшісі мен мектеп әкімшілігіне алғыс айтты.