Колледж және кәсіптік лицейлермен қарым- қатынас – мектеп бітіруші түлектер үшін болашақ мамандық бойынша тәрбиелік мәні бар іс-шараның бір бөлігі. Мектепке оку орындарын шақырудың мақсаты оқушылардың болашақ мүмкіндіктерімен таныстыру болып табылады. Бұл олардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауын анықтайды. Аталған іс-шара колледж немесе кәсіптік лицейде оқуына қызығушылық тудырады. Бұл кезеңде оқушылар оқу орнын таңдайды.
15 наурыз күні біздің мектепте 9-шы сыныптарға арналған мамандықтар жәрмеңкесі өткізілді. Бұл кездесуге кәсіптік колледждердің мамандықты бағыттаушылары келді. Олар оқушыларға оқу орындарының мамандықтары туралы толық мәлімет берді.
Мектептегі мамандықты бағдарлау оқушының өміріне айтарлықтай көмегі болады. Оқушыға көптеген мүмкіндіктердің ішінен болашақта өзіне керег мамандықты дұрыс таңдау жасауына көмектеседі