Біздің мектепте ғылыми-тәжрибелік НОУ «IQ» конференциясы өтті. Конференцияға келесі оқушылар қатысып, өз жобаларын қорғады. Барлығы 12 ғылыми жоба, 5 жоба бастауыш мектептен, ал 7 жоба жоғары сынып оқұшылары.
Ең кішкентай, өзіне-өзі сенім артқан 2 «Б» сынып оқушысы Юнкман Алина «Зең» тақырыбы бойынша өз жобасын қорғады. Жасы кішкентай болса да, үлкен жұмыс атқарды. Әр-түрлі азық-түліктерді, әр жағдайда зеңді өсіріп эксперемент пен опыт жасады.
3 «Д»сынып оқушысы Черненко Влад өзінің тек қана презентация мен теориядан басқа «Мектеп 2050» ғимаратының макетін көрсетіп, оқушыларды таң қалдырды.
4 «Б» сынып оқушысы Алдияр Айкандия әдебиет әлеміне шолу жасап, қазақ ертегілердегі «Алдар Көсенің» бейнесін аша білді.
9 «Д» сынып оқушылары Шалаева Анастасия мен Сазонова Анна «Адамзаттың ғаламдық проблемасы - корупция» жобасында әлемдік маштабы бойынша қызықты факторлармен дәлелдеді.
Физика, химия, психология және ағылшын тілі пәндер бойынша жобалар ұсынылды.
Барлық оқушыларға қалалық сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!!!