Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Биология мен экология апталығы.
13-04-2014 17:23
Биология мен экология апталығы.

7-12 сәуір аралығында №17 мектепте биология мен экология апталығы өтті. Апталықтың мақсаты: биология пәніне деген танымдық қызығушылықты дамыту, оқушылардың биологиялық кругозорын кеңейту, оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту және өз бетінше әдебиетпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, табиғат пен өз ағзасын аялауды тәрбиелеу. 

Апталық көлемінде келесі іс-шаралар өтті:

        І.- «Туған өлкедегі жануар әлемінің іртүрлілігі» атты рефераттар

сайысы;

-         6 сыныпқа арналған «Өсімдік әлемінің көктемгі жандануы»атты экскурсиялар әзірлеу сайысы;

-         «Салауатты өмір салты» мен «Экология» атты газеттер сайысы.

ІІ. «Табиғат, қала, экология» фотокөрмесі.

ІІІ. Оқушылар шығармашылығының көрмелері ұйымдастырылып өтті:

ØКөрнекілік құралдар (7-11 сынып);

Ø«Фантик» науқаны (кәмпит қағаздарынан жасалған ұсақ-түйек);

Ø«Пластикалық бөтелкенің екінші өмірі» (пластикалық бөтелкеден жасалған ұсақ-түйек).

ҮІ. Апталық барысында 1-2 ауысым оқушылары үшін СӨС тақырыбы бойынша  радиолинейкалар  өткізілді: «Нашақорлық – тұңғиыққа қадам», «Түтіннің артында», «Алкоголь мен оның зияны». Бұл радиолинейкалар адам ағзасына алкоголь, никотин мен есеркінің адам ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы ақпараттандырды.

ҮІІ. Биология пәні бойынша сыныптан тыс іс-шаралар өтті:

vТабиғатқа деген ұқыпты көзқарасты қалыптастыратын «Көк жер әлемін сақтаймыз» іс-шарасы.

v8» «а» мен 7 «б» сынып оқушылары дайындаған «Экология мен денсаулық» ауызша журнал. Оқушылар адамның денсаулығы мен табиғаттың тығыз байланысы туралы мәлімет алды.

v«Зиянды әдеттерді соттау» шағын-қойылым. Оқушылар сот, прокурор, қорғаушы, куәгерлер рөлдерін ойнады («Морфин», «Бутылкин», «Түтінді» және адамның дене мүшелері: бауыр, өкпе, жүрек, ми) және айыпкерлер («Зеленый змий», «Темекі», «Ақ өлім»)

v«Құстар ғажайып әлемі» биологиялық сауалнама оқушыларды құстар өмірінің қызықты фактілерімен таныстырды.

Оқушылармен жүргізілген сауалнамасы бойынша жылда өткізілетін биология апталығының ұйымдастырылуы мен өткізілуі оларға өте ұнады. Оқушылар барлық іс-шараларға белсене қатысады.