«Алғаш рет 1-сыныпқа»
Оқу жылының алдында 1 «б» сыныбында алғашқы ата-аналар жиналысы өткен болатын. Ол өте қызықты формада өтті. Сынып жетекшісі Л.Е.Шакенова сынып ұжымын жұмылдыру үшін «Мұзды еріту» стратегиясын қолданды. Бірлесе ұйымдастырылған топтарда ата-аналар бірінші сынып оқушыларына арнап «Балалар – өмірдің гүлі» атты газет шығарды. Жасалған газеттер өте жақсы шықты. Барлық топтар өзінің шығармашылығын көрсете біліп, басқа топтарды тыңдай білді.