«Менің сүйікті Дисней Лэнд кейіпкерім»

Қыркүйектің 15 - 22 аралығында мектепте Қазақстанның Тілдер күніне арналған шаралар өтті. 3-4 сынып оқушылары арасында «Менің сүйікті Дисней Лэнд кейіпкерім» атты суреттер сайысы өткізілді.
Балалар конкурсқа аса қызығушылықпен қатысты. Қатысқандардың арасында көбісі 3 «Б» сынып оқушылары болды. Суретті өзі салғаны үшін 3 «Б» сынып оқушысы Петрук Никита сайыс жеңімпазы атанды. Суреттер мектептің фойесінде ілінген.