«Кластер – бұл қызықты!»
4 "Д" сыныптың оқушылары сабақта сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша "Зат есім" тақырыбына кластер құрастырды.
Кластер (географиялық кесте сияқты) оқытылатын тақырыптың моделі болып табылады, оны толық көрсетуге мүмкіндік береді. Осындай жұмыс формасы ой қызметін ынталандырады, графикалық ойлауды тиімді дамытады.
тапсырмалар балаларды өте қызықтырды және еліктетеді, әр оқушы өздерінің шығармашылдығын және тақырып бойынша өздерінің білімдерін көрсетті.