9 «Г» сыныбы«Тәуелсіздік –ел бақыты» атты сынып сағаты өткізді.
Сынып сағатын староста Дариға мен Дастан бірлесіп ұйымдастырып өткізді.
«Тәуелсіздік –ел бақыты»
Мақсаты:Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыз армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді,осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтардың жалған айыппен шейіт болғандарын оқушыларға жете ұғындыру , оқушылардың дүние танымын кеңейту.Отанды сүюге ,құрметтеуге ,желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге ,адамгершілікке ,әділеттілікке,ел мен жердің қадір -қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Сынып оқушылар сайысқа 2-топ болып қатысты.
1-топ Бәйтерек тобы:
2-топ Ақорда тобы:
Сайысқа
I-кезең: Таныстыру
II-кезең:«Зымыран сұрақтар» тәуелсіздік шежіресіне байланысты
III-кезең:Тәуелсіздік тақырыбына байланысты плакатқа Тәуелсіз Қазақстан деген сөзге тақырыбына кең мағынада түсінік беру.
IVкезең: көрініс. 16-желтоқсандағы Алаңдағы көрініс
IVкезең: Сөз өнері Тәуелсіздікке арналған жыр шашу.өлең мәңерлеп оқусайыстарымен сыңға түсті. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша «Тәуелсіздік –ел бақыты»» атты іс-шараның жеңімпазы «Ақорда тобы» деп жарияланды.«Тәуелсіздік –ел бақыты»» атты іс-шара бала ақын Жамбыл Дүйсенов «Мен қазақпын» өлеңін тыңдаумен аяқталды.