Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Алақай! Демалыс!
22-11-2016 04:05
Алақай! Демалыс!

Күзгі демалыстың екінші күні , 1 қараша күні 2 «А», 2 «Б», 2 «В» сыныптарында «Алақай! Демалыс!»Атты сыныптан тыс шара өткізілді. Шара бекеттер бойынша саяхат түрінде өткізілді. Шараның мақсаты: пән бойынша оқушылардың білімін тереңдету, кеңейту; танымдық белсенділігін, тапқырлығын, зеректілігін дамыту; топпен командада жұмыс істей білу қабілетін, шымырлығын, ептілігін дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілікке, достарына деген құрметке баулу.

Үш сыныптың оқушылары шараға белсенді қатысты. Оларға бұл саяхат қатты ұнады. «Ертегі» бекетінде оқушылар кейіпкерлерді үзінділер бойынша анықтады. «Шифрлау» бекетінде балалар қырағы ой мен тапқырлықты , командадағы ұйымшылдықты көрсетті. « Спорт» бекетінде әзілмен аралас өткен зоологиялық жүгіруге қатысты. « Музыка» бекетінде балалар ән салып, би биледі. Белгілі әндер мен мльтфильмдер бойынша ән ырғақтарын анықтады.

Мереке барысында бұл сыныптағы оқушылардың тату-тәтті, тапқыр , әрқашан көңілді екені белгілі болды. Шара жоғары деңгейде өтіп, ата-аналар мен оқушылар көңіліндерінде ерекше әсер қалдырды. Шараның қорытындысы бойынша сыныптағы оқушылар дипломдар , тәтті тосын сыйлармен марапатталды. Екінші гимназия сыныбының сынып жетекшілеріне және музыка сабағының мұғалімі В.В. Саворовскийге ерекше алғысымызды білдіргіміз келеді.

2 «А», сыныбының жетекшісі О.В. Чымбал

img_2470 img_2472