Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мен бұдан жақын қаланы таппаспын.
07-11-2016 08:01

2016 жылдың 25 қазанында Павлодар қаласының 10 кітапханасында Павлодар қаласының №17 мектебінің 7 в сынып оқушылары атақты өлкетанушы , тарихшы Эрнест Дмитриевич Сокольникпен болған кездесуге қатысты.Кездесудің ұйымдастырушылары, кітапхана қызметкерлері бұл шараны «Мен бұдан жақын қаланы таппаспын» атты «Өлкетану сұқбаты» деп тегін атамаған еді. Атақты адаммен кедесу көңілді алаңдатып, толқыта түсті. Көп күттірмей залға шашы бурыл тарқан, жанында сүйкімді келбетті жұбайы бар ер адам кірді . Бір көргеннен бұл адамның қарапайымдылығы, туған қала туралы энциклопедиялық кең білімі адамды баурай түсті. Ол адамның сүйікті қаламыз туралы білмейтіні жоқ деп айтуға болады. Қаламыздың оның н қалаушылар, оның тарихы, экономикасы, транспорты, қала құрылысы туралы көп жылдар бойы тырнақтап жинаған деректері құны жоқ байлық деуге болады. Осы орайда мына жолдар оралымы ойға келіп тіреледі: белгілі фильмде «Отанды қорғау мамамандығы бар делінсе, Отанды сақтау дегенде мамандық бар дей алар едік»

Мәдениеті жоғары деңгейдегі Эрнест Дмитриевич Сокольник ( осы қаланың байырғы тұрғыны-оған 80 жыл) кқп жылдар бойы тарихи мұраны жинап келеді. Құрметті жасқа ие болған тарихшы, өзінің кіші Отаны Псков облысы туралы көңілі толқи түсіп еске түсірді. Офицердің отбасында дүниеге келіп,мектепті Литвада бітіріп, электрик-механик болып жұмыс істеген. 1967 жылы Томск қаласындағы тарихи-филологиялық факультетті бітірген. 1968 жылдан бастап қаланың тарихи қорының мұрасын сақтаушы болып келеді. Ол Павлодар қаласында өзінің бақытын кездестірді.Сүйікті жары Людмила Петровна да мұражай қызметкері. Эрнест Дмитриевич қаланың тарихы туралы 10 кітаптың авторы. Оның кітаптары: «Павлодар», «Павлодар қаласының құрметті тұрғындары», «Біздің қаламыздың көшелері

« Бұл күндердің даңқы өшпейді», « Қаланың белгілі әйелдері» өткен күндер тағылымын білдіреді. Қаланың көшелері туралы әңгіме оқушыларды қызықтыра түсті. Оқушылар «Бұрын бар жоғы 18 ғана қала болатын, қазір 300 –ден асады»-деген тарихшы-өлкетанушы сөздерін ерекше әсермен қабылдай түсті. Эрнест Дмитриевич әскер қатарында радиотехникалық әскери құрамда қызмет еткен. 1958 жылы Павлодар қаласына көшік келгенде, қаламызда радиофикация басталып жатқан болатын. Тарихшы өмірбаяны мен қала тарихы сабақтаса түскендей болды. 10 жыл өткен соң қалада телеорталық салына бастады. 1961 жыл сапаржай жанындағы бос жатқан жерде телеорталық пайда болды.1965 жылы трактор зауытының алғашқы цехтары іске қосылды. Осы жылы алғашқы трамвай да өз сапарын бастады. Кеме жолына жақын Затон деп аталатын жерден бастап, Кутузов көшесіне дейін бірнеше көшелер бой түзеді. Эрнест Дмитриевичтің алғашқы кітабы « Павлодар қаласының жолбасшысы»облыстық компартияда қолдады. Қаламыз өзінің 300 жылдық мерей тойын күтуде. Оқушылар слайд материалынан 1919 жылғы Ревком ғимаратын, 1958 жылғы силикат кірпішзауытын көрді. Біздің облыстық орталыққа 80 толады. Жарты миллион халқы бар қаламыз өз тарихын паш ету керек.Сұрақтар қойылып, көптеген ғажайып мәліметтер алынды. Оқушыларды таңқалдырған жағдай 1860 жылы Коряковка Сібір комитетінің шешімімен (3 копейка)болашақ қаланың қорына қордың жиналуы болды.Патша Адесандр ІІ баласы Павлға сыйға тарту еткен қала Павлодар атанды. Інісі Михаил 1868 жылы қалаға келгенде шіркеу қоңырауларының үні Омскіге дейін естілген. 1942 жылы Потанин атындағы мұражайдың негізі қаланды. Алғашқы темір жол Екібастузға қарай 1899 жылы тартылған.Ерментауға сол жолмен тас көмір тасымалданған.1924 жылы жолаушы поезд сапарын бастаған. Алғашқы –Затон, 1919 жылы сабын қайнататын зауыт, «Октябрь» механикалық зауыты, болашақ косманавтар Волынов пен Попов қызмет еткен Авиациялық жазғы бөлік, МДСжәне одан басқа мәліметтер оқушыларға өте ұнады. Оқушыла өз мектептерінің тарихы туралы да көп деректер алды. Біздің мектебімізге 58 жылболды. Эрнест Дмитриевич –ерекше ғажайып адам. Ол адам бізбен бірге өмір сүруде, оныңсүйікті көшесі Ленин көшесіғ жақсы көріп дем алатын жері Ленпарк. Эрнест Дмитриевич сіздің сүйікті қалаңызға деген махаббатыңыз бен сүйіспеншілігіңіз және істеген қыруар еңбегіңіз үшін көп алғысымызды білдіреміз.

Алғыс білдіруші Павлодар қаласының №17 мектебінің

7 В сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Нина Николаевна