2-қараша күні 2,3 «г» сыныптарында «Ойна да ойла» атты сайыс өткізілді. Сайыс оқушылардың қызығушылын ояту мақсатында қима қағаздан Дымбілместің бейнесін құрастырудан басталды. Дымбілмеске көмектесу мақсатында оқушылар 2 топқа бөлініп, тапсырмаларды орындады. Тапсырмалар сабақта алған білімдері және логикалық тапсырмалардан құрылды. Атап айтсақ, «Ұшқыр ой» айналымы лезде жауап беретін сұрақтардан тұрды. «Тіл өнері» айналымында жұмбақтың шешуін тауып, орыс және ағылшын тілдеріне аудару ұсынылды. «Дода» айналымында қазақ тілі, математика, әдебиеттік оқу, дүниетану пәндерінен құрастырылған сұрақтар болды. «Құпия сандық» айналымында оқушылар қ әрпінен басталатын сөздерден сөзжұмбақ шешті. «Ойлан тап» айналымында оқушылар логикалық сұрақтарға жауап берді. Сайыс оқушыларға ұнады. Сайыс соңында балаларға тәтті сыйлықтар үлестірілді.
Жауапты мұғалімдер: Қ.С.Искакова, Ж.Ш. Абильманова