Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Орыс тілі мен әдебиеті апталығы
20-10-2016 07:54
Чарльз Элиот, « Еркін білім беру мақсаты оқытуда емес,оқытуды қалау және оқыта білуде, білуден бөлек рухтануда»деп айтқан .Орыс тілі мен орыс әдебиеті пәндері ҚР азаматтарына білім мен тәрбие беретін пәндердің ішінде маңызды орын алады. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың жалпы білім беруде, тәрбиелеуде,дамытуда маңызы зор. Бұл жұмыс оқушылардың пән бойынша білімін тереңдетіп, кеңейтіп қоймай, көзқарасын дамыта түсіп, олардың шығармашылық белсенділігін арттырады.Ана тілін оқуда қызығушылығын арттырады. Гёте «Ұнатқанды ғана үйрене аласың» деп айтқан . Танымға деген жаңа көзқарасты қалыптастыруда ерекше тәсілдердің бірі пәндік апталықты өткізу болып табылады. Оның мақсаты- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, танымдық белсенділігін арттыру, көзқарасын кеңейту . Биылғы оқу жылы апталық (19 қыркүйектен бастап 24 қыркүйекке дейін )оқу іс-әрекетінің түрлері мен тәсілдерін көрсете білді. Ұжымдық жұмыстар мен саралауға негізделген жеке жұмыстар өзара жақсы үйлесе түсті . Оқушылардың ойлау қабілетін белсендіре түсуде ерекше көрнекті құралдар, ойындар, сайыстар мен викториналар,АҚТ қолданылатын қызықты ойындар өткізілді. Пәндік апталық оқушыларға шығармашылық потенциалын көрсетуге мүмкіндік берді. Апталық кезінде әртүрлі шаралар өткізілді. Апта «Орыс тілінің ғажайыптары» атты ауызша журнал» презентациясымен басталды. Пән мұғалімі Рачинская Н.П. 7 А, Б сынып оқушылары арасында орыс тілі ерекшелігі мен байлығы туралы мәлімет беретін орыс тілінің жүргізушілерін дайындады. Ауызша жүргізілген презентациядан кейін слайдтар арқылы лингвистикалық есептер шығарылып,кроссвордтар шешілді,өлеңдер шығарылды, мақал-мәтелдер сахналық қойылымы жасалды. 7 А сыныбында ең белсенді оқушылар: Сулейманова А., Дубровина Н., Нарижных Кболса, 7Б сыныбында Кадырканов А., Головко Р., Кулагин Д., Чиркова С болды. Бородина Т.В 6- сыныптар үшін «Таза сөз» атты ауызша журнал өткізді.Оқушылар теория білгірлері мен тәжірибелілер тобына бөлінді. Бірінші топ оқушылары жаргон, сленг, қоқыс сөздер туралы мәлімет берсе, екінші топ мүшелері рольдік ойындар мен өлеңдерді мәнерлеп оқу арқылы орыс тілінің таза болуына мән беріп, бір-біріне тілектер айтып, белсенді әрекетті ұйымдастыра білді. Доктор Айболит туралы сахналық қойылым, тілді қалай тазарту керектігін білдірді. 6Д сынып оқушылары : Сарбупеева А., Лещука А., Врачевской Д мадақтамамен марапатталды. Жоғарғы сынып оқушылары (10Б сынып,мұғалімі Блашкина Н.Н.) «Тютчевтің поэзиялық тағдыры туралы » музыкалық қонақжай атты шара өткізді.10А сынып оқушылары (мұғалімі Криворучко А.А.) А. Феттің шығармашылығы туралы « Біз сенімен біргеміз, бізді айыруға болмайды» атты әдеби-музыкалық композиция өткізді.Бұл жұмыстың түрлері жазушылар өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылардың білімін толықтыруға мүмкіндік берді. Поэзиялық шығармаларды оқу А. Фете и Ф. Тютчев туралы жаңа мәдениеттану мәліметтерімен оқушылардың білімін толықтыра түсіп, адамгершілік сезімдер мен сұлулықты , эмоцияны, тіл мәдениетін тәрбиелейді. 22 қыркүйек, тілдер мейрамы күні орыс тілі мен басқа тілдер туралы тақырыптық 5 минуттіктер өткізілді. Мәжіліс залында үш тілде жалпы мектептік шара өткізілді.Көрермендер «Орыс тілі мұражайында» болды. Оқушылар «жазба тілдің тарихы» атты залда болып, « Тыныс белгілер патшалығында», « Қазіргі тіл мен таза тіл» залдарында болды. Әрбір залға кіру сахналық қойылыммен басталды. Жаңа актерлар( 6-сынып оқушылары) шеберлігі шексіз шапалақпен бағаланды. (Малимона А., Власовой В., Марковой К., Солдатова В., Бисимбаева И., Абильтаева Н.)( мұғалімі- Криворучко А.А.). 5-11 сынып оқушылары (барлығы 27 адам) мәнерлеп оқу сайысына қатысты. Сайыстың мақсаты- Оқушылардың көркем өнер, эстетикалық дамуына жағдай жасау. Сайыстың мақсаты-оқушылардың өзін шығармашылық жағынан көрсете білуіне мүмкіндік беру,көркемдікке баулу , өзін еркін ұстай білуге ,көркемдік құралдарды қолдана білуге үйрету, суырыпсалмалық өнерге, дауыс ырғағын ұстай білуге баулу , тұлғалық қасиетін тәрбиелеу.Қорытынды келесі критерийлер бойынша жасалды: Ұсынылған шығарма атауы мен авторлығы, интоннациялық мәнерлілік ( мимика мен белгілер), тілдің музыкалық мәдениеті, қойылым кезіндегі өзін ұстай білуі. Сайыс нәтижесі бойынша келесі оқушылар марапатталды:
  1. Шарипова Диляра, 6В (1 орын)
  2. Шарипова Аделя, 7Д (1 орын)
  3. Мастепанюк Алина, 9А (1 орын)
  4. Рудишева Диана, 8А (1 орын)
  5. Юхтовский Данил, 5А (1 орын)
  6. Жанибеков Алимхан, 10А (1 орын)
  7. Осапова Анастасия, 7Б (1 орын)
  8. Рондо Арина, 7А (1 орын)
  9. Сорокина Алина, 10Б (2 орын)
  10. Малиновская Алина, 10Б (2 орын)
  11. Казарин Богдан, 10Б (2 орын)
  12. Бабаева Маргарита, 7А (2 орын)
  13. Рак Дарья, 5Д (3 орын)
  14. Костромицкая Софья, 5Д (3 орын)
  15. Гостева Софья, 7А (3 орын)
  16. Адамова Анастасия, 7В (3 орын)
Апта бойы мектеп ішінде тақырыптық көркем көрме ұйымдастырылды. 5 сыныптар – «Орыс халық оюлары», 6 сыныптар – «Ұлттық орыс құралдары», 7 сыныптар – « Орыс асханасының тағамдары», 8 сыныптар – « Орыс ұлттық костюмдары», 9-11 сыныптары – «Оқылған әдеби шығармаларға суреттер». 5-сыныптар, 6 «А», «Б», 7және 8-сыныптар көрмеге белсене қатысты. Үздік жұмыстардың авторлары болып саналған оқушылар:
  1. Петрука Н., Плотникова А., Проненко А. (5-сыныптар)
  2. Трухманова Д., Сеитовой Р., Смакотиной А., Комарова И. (6- сыныптар)
  3. Руспаевой Д. (7 сынып)
  4. Байрак А., Казаковой А. (8 сынып)
Сонымен қатар 5-сынып оқушылары өздері жасаған кітаптар көрмесін ұйымдастырды. Үздік жұмыстар мадақтамалармен марапатталды. Мұғалімдер өз жұмыстарының тәжірибесімен «Инфо-сабақ»,«Ұзартылған топ» интернет-сайтында бөлісіп,4 сабақ жіберіп, (мұғалімдер-Криворучко А.А., Рачинская Н.П., Бородина Т.В., Блашкина Н.Н.) сертификаттар алды..

Орыс тілі мен әдебиеті апталығы мектеп оқушыларының жоғары белсенділігін, қызығушылығын,, тапқырлығын ,шығармашылық белсенділігін көрсетті.Ең белсенді оқушылар мадақтамалармен марапатталды. 5-11 сынып оқушыларына ,ата-аналарана, сынып жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз.

А.А. Криворучко