№17 Жалпы орта білім беру саралап оқытатын бейінді мектебінде 1 қыркүйек Білім күніне орай «Мен – өз елімнің патриотымын!» атты салтанатты жиын өтті. Жаңа оқу жылының салтанатты жиыны Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туының еңгізілуі мен мемлекеттік Әнұранының орындалуымен басталды. Мерекеге келген қонақтарды құттықтау үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Мәлікова А.Қ. берілді. Айгүл Қайыртасқызы мерекеге қатысушы ата-аналарды, ұстаздарды, оқушыларды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толуымен құттықтап, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерімізге ақ жол тілеп,мерейі үстем болсын деген тілек білдірді. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған кішкентай бүлдіршіндерімізге «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын сыйға тартты. Бұл кітапта Елбасымыздың 1-сынып оқушыларына деген мынадай жолдауы бар: «Қымбатты жас дос! Сен жаңа белеске қадам бастың – мектепке келдің, оқушы болдың! Бұл – сен үшін үлкен мереке. Ал мерекеде сыйлық беріледі. Мына кітап – менің саған жасаған сыйлығым! Білім әлеміне саяхатын сәтті болсын!». Елбасы сыйлығын бүлдіршіндерімізге алғашқы бейбітшілік пен мейірім ссағатында сынып жетекшілері табыстады. 1 қыркүйек – мереке. Сондықтан мектеп белсенділері мереке қонақтарына шығармашылық нөмірлер дайындады. «Ақ желкен» вокал тобының әнші қыздары «Ұстазым» әнін орындаса, 4 «А» сынып оқушысы Петрова Полина «Мы вместе со своей страной» әнін шырқады. Биылғы оқу жылындағы алғашқы қоңырау соғу құрметі 11 «А» сынып оқушылары Литвиненко Ангелина, Сивухин Даниил, 10 «А» сынып оқушысы Омарова Диана, 1 «А» сынып оқушысы Гельд Никита, 1 «Б» сынып оқушысы Лихтнер Илья, 1 «Г» сынып оқушысы Абишева Маликаға берілді. Мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары үшін биылғы оқу жылы жаңа табыстар мен жетістіктерге толы болады деген ниеттеміз.
Аға тәлімгер
Айбекова А.Ж.