Жаңа оқу жылы басталып, мектеп атты мемлекетімізге жаңа тұрғындар келіп қоңыстанды. Бұл тұрғындар – 1-сынып оқушылары. Бірінші оқу күніне бүлдіршіндеріміз сақадай сай келген екен: қалам, дәптерлер, кітаптар, басқа да оқу құралдары – бәрі де сақадай сай. Алайда мектеп ғимараты оларға таныс емес. Сондықтан аға тәлімгер мен мектебіміздің жоғарғы сынып оқушылары оларға мектеп ішіне саяхат жасауды ұсынды. Аға-әпкелерімен бірге бүлдіршіндеріміз кітапхананың, спорт залының, асхананың, әжетхананың, кйім ілетін бөлменің қайда орналасқаның қарап, онда қандай ережелер бойынша жүріп-тұруға болатыны жайлы ақпаратты тыңдады. Бүлдіршіндерімізге кітапхана мен асханаға жасаған саяхаттары әсіресе қатты ұнады. Мектептегі алғашқы күн олар үшін осылай басталды.
Аға тәлімгер
Айбекова А.Ж.