13 маусым күні «Ынтымақ» атты бейіндік лагерьдің отрядттарында «Салауатты ұлт» тақырыбында Жайдарман ойыны өтті. Ойынға 7 командалар қатысты. Осы ойынның әзірлемесін «Жас көшбасшы мектебі» отряды дайындады. Ойын 4 турдан тұрды. Балалар қажетті экипировка дайындап, СӨС тақырыбында қызықты әзілдерді қойды. Әділ де қатал әзілқазылар сайысты 3 ұпайлық жүйеде бағалап отырды. «Грация» отрядының көрермендері түрлі ұрандар мен лозунгтар дайындады. Ойын үшінші турда қыза бастады. Қорытынды бойынша «Полиглот» отрядының «Жалынды төбет» командасы жеңіп шықты. 2-ші орынды «Озат» отрядының «Елена Малышеваның балалары» командасы иеленді. Ал 3-ші орынды «Грация» отрядының «Тасбақалар» командасы алды. Жеңімпаздар мадақтамалармен марапатталды. Сонымен қатар басқа отрядттар да түрлі номинацияларға ие болды.