13 маусым күні "Күншуақ" атты сауықтыру лагерьде біздің Республикамыздың халық бірлігіне арналған линейка өтті. Осы линейканы "Жұлдыз" отряды өткізді. Іс-шара "Қазақстан халқы - бір ұлт" атты тақырыпта өтті. Ол балалардың патриоттық тәрбиесін жетілдіруге бағытталған. Осы күні біздің балалар №10 кітапханаға экскурсияға барды. Сонымен қатар Оқушылар Сарайына да барды. Бәріне өте қызықты болды.
