№17 мектептің кішкентай бүлдіршіндері үшін Халықаралық Балаларды Қорғау күні балалық шақтың үлкен думанына айналды. 1 А, 1 Б, 1 В мен 1 Г сынып оқушылары асфальтта сурет салу сайысының қатысушылары болды. Олардың суреттері жазғы қызықтар тақырыбында салынған болатын. Әсем өрнекті, қанық боялған суреттерді салуға бүлдіршіндерімізге ата-аналары көмек көрсетті. Осы күні 2 және 3-сынып оқушылары көңілді жарыстар сайысына қатысты. Жас спортшыларымыз асқан ынтамен жүгіріп, секіріп, ойнап көңілдерін көтерді. 1 Д, 1Е, 1Ж оқущылары үшін №10 қалалық кітапхана ұжымымен «Ғажайыпқа толы сандықша» атты шара өткізілді. Балалар сиқырлы қорапшадан тауып алған қағаз ұшақтармен, әуе шарларымен түрлі ойындар ойнады. 5-7 сынып оқушылары Естай атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен мерекенің қатысушылшары болып қайтты. Мерекенң бір бөлімі жас дизайнерлердің киім үлгілерін көрсету болатын. Оған 5 Б сыныбының оқушылары Бородихина Дарья, Клокова Алла және Шестаков Дмитрий қатысты. Олардың өз киім үлглерін Льюис Кэролдың «Алиса ғажайыптар елінде» атты туындысының желісімен дайындаған болатын.