Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Математика апталығы
19-04-2016 06:29
Математика апталығы
2016 ж. 11 – 16 сәуір аралығында математика апталығы өткізілді.Оқушылар алдын – ала іс шаралар жоспарымен таныстырылды. Математика апталығының өткізілудегі принциптердің бірі – барлық сынып оқушыларының апталыққа қатысуы. Барлық сыныптар үшін дәстүрлі іс -шаралар өтілді, оның бір принципі - онда жеңілгендер жоқ, себебі әр оқушы өзіне жаңа бір нәрселерді ашып отырады. 5 сынып оқушылары математикалық суреттер байқауына қатысты. Жасалған суреттер өте сан алуан және ашық түсті болды, себебі балалар бұл тапсырмаға жауапкерлікпен қарады. Ерекше атап өтетін оқушылар: Сейтқұл Еламан, Нажмиден Айдос, Қалыкова Даяна, Қасқырбаев Нұрасыл. Көптеген оқушылар қабырға газетінің қасынан жай өте алмады, олар математикалық есепті, ребусты, тарихи ақпаратты шешуге тырысты. Оқушыларға анаграммаларды шешу өте ұнады. Шеберханада оқушылар көлемді геометриялық фигураларды әзірледі. 7-сыныптарға арналған «Қызықты математика» атты байқау өте қызықты да тартымды өтті. Сонымен қатар 6-сыныпта өткізілген «Математикалық ринг», 8- сыныпта матеамтикалық тартыс қызықты өтті. Нәтижелер: 6 сынып – 1 орын: Женисова С., 2 орын – Халел Мадина, 3 орын – Олжатаева Н. 7 сынып: 1орын – Серік Е., 2 орын – Мұқұш А., 3 орын – Қожахметов Б. және Қазанғап Жәния. 8 сынып :1 орын –Аперген Б., 2 орын – Баймаканова Д, 3 орын: Ерсайын Д. Жыл сайын математика апталығын өткізілуде жаңалық енгізуді көздейміз. Егер де оқушыға іс шара қызықты болса, онда бұл іс шара міндеттілік емес, керісінше балаларға өзіне қызықты болса екен, сондықтан кейбір сайыстарға математикамен шынымен де айналысатын, жаны ашитын, математикалық дағдылар мен интеллектінің дамуына мән беретін қатысушылар қатысты. Математикалық формулаларды білу марафонында үздік болғандар: Бейсаров Олжас 9 сынып және Қазанғап Жания 7 сынып. Математикалық терминдерді білу бойынша диктантты жақсы жазғандар: 7 сынып Усаханова Д. және Адильбек Д. Сандар бойына жасалған суреттер байқауында үздік атанғандар – 5 сынып оқушылары. Дегенмен ең үздіктерді жекелей айту қиын, себебі бәрі де өте жақсы жасаған. Математика апталығы және де кез келген апталық оқу тәрбие үрдісінің ажырас бөлігі, ол оқушылардың білімінің тереңдеуіне, оның талантының дамуына, логикалық ойлауына, танымдылығын кеңейтуіне жағдай жасайды. Сонымен қатар математика бойынша сыныптан тыс іс-шараның үлкен тәрбиелік мәні бар. Апталықтың мақсаты - пәнге деген қызығушылықты арттыру, оларды шығармашыл, өздік жұмысқа жұмылдыру. Аталған осындай шараларды өткізуде оқушылардың сыныптастар алдында жауапкершілігі арттады, алаңдаушылық пен ниет білдірушілік сезімдерін тәрбиелейді.

Хамиева Ж.О.

2 3 4