Ақпанның 29 күні мемлекеттік тілде оқитын 7-8-9 сынып оқушылары Павлодар қаласының телевидениясындағы «Басты Назарда» атты ток-шоуға қатысты. Ток-шоудың тақырыбы - «Әйелге тән емес мамандық». Осы бағдарламаны «Қазақстан-Павлодар» арнасы ұйымдастырды. Қызықты кездесуге хируг, кинолог, полиция капитаны, дзюдо бойынша жаттықтырушы, теміржол серігі атты маман иелері қатысты. Оқушылар түрлі сұрақтарға жауап алды.