Акция барысында жиналған қақпақтар пластикті қайта өндіруші зауыттарға тапсырылатын болады. Ал одан алынған ақша түрлі аурулармен ауыратын балаларға үлкен қаржыны талап ететін ота жасатуға жұмсалатын болады.
Бұл бастамамызды Павлодар қаласының Мейірімділер клубы алғашқы күндерден-ақ қолдап, жиналған қақпақтарды қайтаөңдеу орындарына тапсыруға көмек көрсетіп жатыр.
Акцияға белсенді қатысушы сыныптардың қатарында: 2 В, 2 Д, 3 Б, 3 Г, 3 Е, 5 Б, 5 В, 5 Д, 6 В, 7 А, 10 А және 11 А сыныптардың оқушылары.
2 «Д» сынып оқушылары Янковская Арина мен Зайцев Алексей жайлы біраз сөз қозғау керек бұл орайда. Себебі акция басталғаннан бері оның ең бір белсенді қатысушысы етіп көрсеткен бұл балақайлар әрқайсысы 16 қапаққа лық толы пластик бөтелкелерін тапсырған болатын.
Осындай игі іске ат салысып, қатысып жатқан барлық сыныптар мен сынып жетекшілеріне айтар алғысымыз шексіз.
Аға тәлімгер
Айбекова А.Ж.