Жазғы бағдарлы «Кемпірқосақ» отрядының 2016-2017 жылдың 2маусым мен 14 маусым аралығындағы жұмысы туралы есеп
«Кемпірқосақ» бағдарлы отрядын ұйымдастырудың мақсаты: медиатр волонтерларды оқуға қолайлы жағдай жасап, оқып жүргендердің жазғы каникул кезінде бос уақытын өткізуін ұйымдастыру, жеке тұлғаның зайырлы шығармашылық .... жеке дара қабілеттерін, дарынын, шығармашылық белсенділігін жеке қызығушылығы мен мүмкіндіктерімен бағдарлы лагерь жағдайында дамыту.
Берілген мақсаттар келесі мінідеттермен жүзеге асырылды.:
1. Балалардың ұйымдастырылған демалысына жағдай тудыру;
2. Балаларды шығармашылық іс-әрекетке баулу, шығармашылық ойлауын дамыту;
3. Мәдени тәртіпті қалыптасты;
4. Медиатр –волонтерларды шатаққұмар балалармен жұмыс істеуге сындарлы әдіс – тәсілдерді үйрету.
5. Эмоциялық тарылуды жоюды үйрету, әрбәр шатақ жағдайды шешуге сындарлы әдіс – тәсілдерді үйрету.
Балаларға тренингтерді өткізу техникасын меңгерту. Өздері тренерлер мен волонтерлар рөлінде болып, топтарда жаттығулар мен ойындар өткізілді.
«Кемпірқосақ» бағдарлы отряды мүшелерінің міндеттеріне тренингтер, жаттығулар мен тәсілдер өткізу техникасын үйрету жатады. Әсіресе балаларға тренингтің І- кезеңі- таныстыру мен қыздыруға арналған жаттығулар ұнады. Бұл жаттығулар «Атомдар мен молекулар» біріктіруге арналған жаттығу болса, «Айсберг», «Еске сақта» жаттығуы жазығы сақтау оны дамыту жаттығуы болды. Балаларға әсіресе шығармашылық жоспардағы өзінің жеке «Мен» тұлғасын білдіретін командасы біріктіретін «Біздер ортақ үйіміз» тапсырмасы ерекше ұнады. Толеранттылыққа әрбір отряд мүшесін вербальды емес тәсілдері бар қарым-қатынас жаттығулар тәрбиеледі. «Сағаттардың артуы бойынша сапқа тұру, сөйлеуге тиым салып, яғни вербальды тәсілдерді қолдануға тиым салып, вербальды емес тәсілдер – ым, көзқарасы, қимыл арқылы тренердің тапсырмасын орындау керек болды. Әрбір күннің соңында балалар камераға өз жұмыстары мен комментарийлер жазды.
Біз қыркүйекте бізді оқыған, креативті жетістіктері бар медиаторлар тосатынына сенеміз.
Оларға сәтті сапар тілейміз!