2017 жылдың 14 маусымы БДО-да Ұлы Отан соғысын еске алуға арналды. «Ешкім ұмытылған жоқ! Ештеңе ұмытылған жоқ» атты тақырыптық жиылыс бұл соғыстың маңызды оқиғалары мен біздің мемлекетіміз үшін жеңістің маңыздылығы туралы еске түсірді. Кейін балалар ашық аспан астында мұражайға барып, тарихқа ой жүгіртті. Олар бұл күні Балалар техникалық мектебіндегі сабаққа қатысты. Олардың лагерьдің І маусымының жабылуына арналған концертке қатысты.
Лагерь жұмысының соңғы күнінде барлық отрядтар мадақтамалар мен номинация бойынша марапатталып, отрядтар рейтінгісі бойынша нәтиже анықталып, тәтті сыйлықтар берілді. Бұл күні лагерь жұмысының қорытындысы шығарылды. Лагерьдің жұмысы бойынша балалар мен олардың ата-аналарының пікірлеріне талдау жасалды. Барлық пікірлер оң сипатта болды. Балаларға жүргізілген сауал бойынша балалардың 98% келесі жылы тағы да мектеп жанындағы лагерьге барады.
Қош бол , ғаламдық кеме!