Жаңа оқу жылының басталуымен мектебімізде қалалық "Мейірімді қақпақшалар" науқаны өз жалғасын тапты. Осы жолы Павлодар қаласының Мейірімділері Клубына қыркүйек айының алтысы тапсырылған пластик бөтелкелердің саны 86-ны құрады. Қақпақшалардың осындай көлемін жинауда былтырғы жылы көзге түскен 3 "Д" сыныбының оқушылары Зайцев Алексей мен Янковская Арина биылғы жылы өз рекордтарын қайта жаңартты: Алексей қыркүйек айы ішінде ғана 24 бөтелке жинаса, Арина өзі жалғыз пластик қақпақшаларға лық толы 40 бөтелке тапсырған. Сонымен қатар, өз басы 13 бөтелке қақпақшалар тапсырған 6 "В" сыныбының оқушысы Иванова Алина да үздік нәтиже көрсетіп отыр. Мектебіміздегі бұл науқан аса мықты қарқынмен жалғасуда. Жас еріктілерімізге жаңа оқу жылында мол табыстар тілейміз.
Аға тәлімгер
Айбекова А.Ж.