«Ғажайып алаңы» сайысы өтті
Қазақ тілі апталығы аясында қыркүйек айының 14 – күні қазақ тілі мұғалімі Н. Н. Шойынбаеваның 3 «а» және 3 «б» сынып оқушыларының арасында сыныптан тыс жұмыс түрінде «Ғажайып алаңы» атты ителлектуалды сайысы өтті. Оқушылар екі төпқа бөлініп, білік – дағдыларын сынады. Балалар үлкен қызығушылық танытып, сайысқа белсене қатысты. Іс – шара тақырыбына презентация көрсетіліп, оқушылар тапсырманы слайдтан қарап таңдап отырды. Әділ – қазылар алқасы бағалағаннан кейін топтардың жинаған ұпайы бойынша жеңімпаз топ анықталды. Сайыс соңында екі топ та мадақтамен марапатталды.