Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бар әлемге бейбітшілік
21-09-2017 10:02
Бар әлемге бейбітшілік

Бүгін - Халықаралық бейбітшілік күні. Жыл сайын қыркүйектің 21-і күні аталып өтілетін Халықаралық бейбітшілік күні соғыс отын тоқтату мен зорлық-зомбылықтан бас тартуға жаппай шақыруымен ерекшеленеді. Халықаралық бейбітшілік күнін БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1981 жылы бекіткен. 2002 жылғы қыркүйектің 21-інен бастап атап өтіледі. Халықаралық бейбітшілік күнін қыркүйектің 21-інде мерекелеу туралы шешім БҰҰ Бас Ассамблеясының 55 сессиясында қабылданған. Бас Ассамблея бұл күн бүкіл әлемде зорлық-зомбылықтан бас тарту және соғыс отын тоқтату күні болсын деп жариялады. Барлық елдерге осы күні әскери әрекеттер өткізуден тартыну ұсынылды.
Осыған байланысты мектебімізде "Бейбіт әлем бәріне" атты акция ұйымдастырылды. Акция барысында мектептің "Жас Ұлан" БЖҰ мүшелері кішкентай оқушыларға осы күннің белгісі - бейбітшілік құсы - ақ көгершінді жасауды үйретті. Дайын көгершіндерге балдырғандар өз тілектерін жазды.


Аға тәлімгер
Айбекова А.Ж.