«Күзгі мозаика»
Орыс тілі және әдебиет аптаның ішінде 21 қыркүйек күні «Күзгі мозаика» атты оқырмандар сайысы өткізілді. Әр түрлі сыныптағы оқушылар сайысқа қатысты. Біздің 7 «д» сыныбында оқитын оқушылар өте ерекше болды. Олар өздері жазған өлеңдерді оқыды.
Сыныптастарымыздың үшеуі жүлдегер атанды: Врачевская Дарья - 1 орын; Шпикина Екатерина - 2 орын; Сметанин Никита - 3 орын. Біздің мектебімізде мұндай сайыстар бар екеніне қуаныштымыз. Олар балалардың дарынын ашады және есте сақтау қабілетін жаттықтырады.